Оқушылар мен жасөспірімдерді қандай компьютерлік ойын қызықтырады

1051

Мектеп оқушыларының 58% компьютерлік ойын ойнайды. Бұл туралы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты Сымбат Қалдыбек мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқушылар мен жасөспірімдерді қандай компьютерлік ойын қызықтырады

Ол өзі жүргізген зерттеуге сүйеніп, балалар мен жасөспірімдердің 35%-ы компьютерлік ойынға қызықпайтынын, ал 7%-ы компьютерлік ойындарды интернеттен сатып алып ойнайтынын мәлімдеді. 

"Гендерлік тұрғыдан қарастырсақ, компьютерлік ойындарды сатып алатындардың 70%-ы – ер, 30%-ы – әйел адамдар. Олар айына ең кемі 500 теңге жұмсайды. Жас айырмашылығына келетін болсақ, 13-15 және 16-17 жас аралығындағы оқушылар компьютерлік ойынға 500 теңгеден кем емес, ал 17-18 жас аралығындағы жасөспірімдер 3 мың теңгеден астам ақша шығындайды. Яғни жасы ұлғайған сайын жұмсайтын қаражаты көбейе береді", – деді PhD докторант. 

Сымбат Қалдыбек респонденттердің 20,43%-ы – компьютерлік ойынды бос уақытын қысқарту үшін, 14,9%-ы – байқампаздығы мен жылдамдығын арттыру үшін, 13,39%-ы – басқа әлемді сезіну үшін ойнайтынын жеткізгенін жариялады. 

"Оқушылар мен жасөспірімдердің басым бөлігі Free fire виртуалды ойынын ойнайды. Бұл – 50 ойыншының  тірі қалу құқығы үшін күресетін ойын. 

Көпшілікті ойынның стратегиялық тұсы қызықтырады", – деді PhD докторант. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу