Оқушылар мінген автобус аударылып, бір бала қаза тапты

371

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Оқушылар мінген автобус аударылып, бір бала қаза тапты Фото: postmeets

Ұлыбританияның Сомерсет графтығында мектеп оқушыларын тасымалдаған автобус жол апатына ұшырады. Салдарынан бір бала қаза тауып, екі оқушы ауыр жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

The Telegraph газетінің хабарлауынша, Майнхед орта мектебінің 9 бен 14 жас аралығындағы оқушылары апатқа ұшыраған. Олар Девон графтығындағы Эксмур хайуанаттар бағынан қайтып келе жатқан. 

Автобус жолдан шығып кетіп, 6 метр биіктіктен суға құлаған. Нәтижесінде 1 бала көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы екі оқушы медициналық тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. 

Жергілікті полицияның мәліметінше, апат 17 шілде күні күндіз болған. Автобуста барлығы 60-70 адам отырған. Олардың 21-іне медициналық көмек қажет болды.

Апаттың шығу себебі белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу