Оқушылар өртті хабарлайтын құрылғыға авторлық құқық алды

1564

Құрылғыны байланыс аясынан тыс жерде қолдануға мүмкіндік бар.

Оқушылар өртті хабарлайтын құрылғыға авторлық құқық алды

Назарбаев зияткерлік мектебінің екі оқушысы далалықтағы өртті хабарлайтын құрылғы жасап шығарды. Олар өз туындысына авторлық құқық алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Айдана Кенжебаева мен Самал Әли ойлап тапқан құрылғы үш рет өзгертіліп, толықтырылды. Робототехника үйірмесінің жетекшісі Бауыржан Шоқановтың айтуынша,  құрылғыны байланыс аясынан тыс жерде қолдануға мүмкіндік бар.

"Орманда немесе далалықта жер өртенсе сигнал түсіп, ақпарат SMS-хабарлама түрінде келеді. Хабарламада өрт шыққан жердің коды немесе мекенжайы жазылады. Құрылғы 1 шаршы шақырым радиусты қамти алады. Менің атам ауыл шаруашылығымен айналысады және жыл сайын өрттің қаншалықты шығын әкелетінін естимін. Дала және орман алқаптары өртінің бар-жоғын ешкім уақытында анықтай алмайды. Сондықтан бұл тақырып мені аландатады", – деді Айдана Кенжебаева.

Айта кетейік, жаңа жоба Павлодарда өткен ұлттық чемпионатта 1-орынға ие болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жастар Синергиясы" республикалық форумының ең үздік 13 жобасы қатарына кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу