Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Арайлым Өмірбекова және Тимур Шәріп ауыл шаруашылық саласында кеңінен қолданылатын техниканың жаңа бір түрін ойлап тапты, деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz.
Автоматтандырылған көлік эрозия және тотығу процестеріне шалдыққан топырақты жинап және қайта өндей алады. Жерді қопару барысында арнайы резервуарға түскен топырақ түрлі қоспалармен, органикалық қосылыстармен құнарландырылады. Жер түрлі тыңайтқыштармен байытылған соң, басқа ақылды техника тұқымдарды егеді.
"Жерді тиімсіз пайдалану және игеру бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналды. Экологиялық таза автоматты робот – диқандарға және аграрлық саланың дамуына үлкен септігін тигізеді. Жобаның тиімділігіне тоқталатын болсақ, техникамен қашықтықтан басқаруға болады, бұрын бұрын дәстүрлі әдіспен басқару диқандардың жұмысын ауырлатып, ұзақ уақытты қажет ететін, ендігі жаңа құрылымның игілігін көретін болдады ", — дейді оқушылар.