Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле-сабақ дайындалады – Шолпан Каринова

1213

"Балапан" және "Ел Арна" телеарналарында төртінші тоқсан басталысымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі.

Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле-сабақ дайындалады – Шолпан Каринова

Елімізде қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыруды жобалау кеңсесі құрылуда. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Шолпан Каринова  Facebook  парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, Білім және ғылым министрлігінде, аймақтық білім беру басқармаларында Қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру бойынша жобалау кеңсесі құрылып отыр. Бұл ретте індет кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Мектептер мен ұстаздар үшін тиісті ұсынымдар дайындалды. Ұстаздар үшін арнайы онлайн, теле-курстар, вебинарлар әзірленді.

"Бұған қоса, ұстаздар мен балаларға "Балапан" және "Ел Арна" телеарналарында төртінші тоқсан басталысымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі. Қазір осы теле-сабақтардың арнайы түсірілімі жүргізілуде. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле-сабақ дайындалады. Бұған үлкен күш жұмсалуда", – деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, теле-сабақ барысында Нұр-Сұлтан қаласының, Назарбаев Зияткелік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ береді.

"Ұстаздарға тек қолдау қажет. Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз", – деді Шолпан Каринова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу