Оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау eGov.kz порталы арқылы жүргізіледі

6380

Электронды үкімет порталында мектептен-мектепке, сыныптан сыныпқа ауысуға да болады.

Оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау eGov.kz порталы арқылы жүргізіледі

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова 1 сыныпқа қабылдау және мектептен-мектепке ауысу қалай жүзеге асатынын айтып өтті. Ол үшін электронды үкімет порталына 4 құжат қана жүктеу керек.

"Балаларды 1 сыныпқа қабылдау, мектептен-мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі eGov.kz электронды үкіметі порталы арқылы автоматтандырылған. Ата-аналар порталдың білім беру бөлімінде "Орта білім беру" бөлімшесіне кіріп, өтініш береді әрі қажетті құжаттарды тіркейді. Құжаттарды тапсыру мерзімі – 15 минут. Ата-ананың жеке кабинетіне баланың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы себептері жазылған хабарлама келеді. Бұл қызметті пайдалану үшін ата-ана тек төрт құжат қана тапсырады. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, "Бала денсаулығының паспортының" 026/у-3 формасын, 063у денсаулық жағдайы туралы құжатын және 2 дана 3х4 көлеміндегі фотосурет жүктеу керек. Оқуға өтініш берген кезде мектептің қабылдау комиссиясы басқа қосымша құжаттар талап етпеуге тиіс. Ал ерекше қажеттілігі бар балалар үшін порталға қосымша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының скан көшірмесі заңды өкілдерінің келісімімен электронды түрде ұсынылады. Құжаттарды қабылдау 1 маусымда басталады", – деді Шолпан Қадырова. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу