Оқушыларды балағаттаған мұғалімге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр

999

Оқушыларды тәртіпке шақырған оқу ісінің меңгерушісі оларға тіл тигізді. Оқиға Шахтинск қаласындағы мектептердің бірінде орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқушыларды балағаттаған мұғалімге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр

Мұғалімнің мектеп дәлізінде медициналық бетпердесіз жүрген оқушыларды "маймыл" деп балағаттаған сөзі видеоға жазылып қалған. 

"Бүгіннен бастап 9 "б" сыныбы карантинде. Егер мен дәлізде кем дегенде бір маймылды бетпердесіз тағы бір рет көрсем, анасы немесе әкесі осында тұрып, айыппұл туралы түбіртек толтырады. Осындай "ақымақ маймылдар" үшін тұтас сынып карантинге кетеді. Масканы сәндік үшін тағады деп  ойлайсыңдар ма? Біздің балаларымыз, ата-анамыз жоқ деп ойлайсыңдар ма? Карантин режимін бұзуға кім рұқсат берді? Ол Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінде жазылған!" – деп айқайлаған оқу ісінің меңгерушісі.

Мұғалімді 2 күнде 2 сыныптың карантинге кеткені ашуландырған. 

"COVID деген не? Ауырғандардан сұраңдар. 2 күнде 2 сынып карантинге жіберілді. Мен бұл маймылдарға маска деген не екенін, дәлізде маскамен жүру керек екенін және маскасыз жүру қауіпті екенін түсіндіруім керек! Егер сендер соншалықты ақымақ болсаңдар, түсінбейтін болсаңдар, ата-аналарыңыз: "Менің ұлым немесе қызым ақымақ! Түсінбейді, мен де түсінбеймін!" деп қолхат жазып әкелсін", – деп дауыс көтерді оқу ісінің меңгерушісі.

 

Қазір Шахтинск қаласының білім беру бөлімінде осы факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу