"Оқушыларды ҰБТ тапсыруға трактормен апарған": Ғылым және жоғары білім министрлігі түсінік берді

255

Жауапты тұлғалар жазаға тартылған. 

"Оқушыларды ҰБТ тапсыруға трактормен апарған": Ғылым және жоғары білім министрлігі түсінік берді Фото: baimedia.kz

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Батыс Қазақстан облысында оқушылардың ҰБТ тапсыруға трактормен барғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден "Желіде БҚО-да мектеп оқушыларын ҰБТ тапсыруға трактор тіркемесімен барғаны туралы бейнежазба тарады. Сіз бұл видеоны көрдіңіз бе?" деп сұрады. 

"Әрине, бұл видеоны көрдім. Тиісті жауапты тұлғалар жазасын алды. ҰБТ аясында тест тапсыру тетігін жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етуі тиіс. Жалпы алғанда мұны тестілеу орталығы үйлестіреді. Меніңше, жергілікті атқарушы органдар (оқушыларды) тасымалдаудың тиісті жүйесін қамтамасыз етуі қажет", - деді вице-министр Сенат кулуарында.

Ведомство өкілі наурыз айының қорытындысы бойынша 117 мың түлек ҰБТ тапсырғанын жеткізді. Бірыңғай тестілеу енді маусым айында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу