Оқушылардың демалыс кестесі жарияланды

583

Осы оқу жылында қазақстандық оқушылар үшін 173 оқу күні және 192 демалыс күні қарастырылған, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.  

Оқушылардың демалыс кестесі жарияланды Фото: khabar24.kz

Оқу-ағарту министрлігі жариялаған мектеп демалысының күнтізбесіне сәйкес, балалар қыста 9 күн демалады. Бұл қысқы демалыс күндері 2022 жылдың 31 желтоқсанынан 2023 жылдың 8 қаңтарына сай келіп тұр.

Ал көктемгі демалыста оқушылар 18-26 наурыз аралығында 9 күн демалады. Жазғы демалыс 1 маусымнан 31 тамызға дейін 92 күнге созылады. Бірінші сынып оқушылары үшін демалыстың қосымша 7 күні қарастырылған, ол 6-12 ақпан аралығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу