Оқушылардың көктемгі демалысы неше күнге созылады?

636

Қазақстан мектептерінде үшінші тоқсанның аяқталуына бір апта қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқушылардың көктемгі демалысы неше күнге созылады? Фото: canva.com

Оқу-ағарту министрлігінің каникулдар кестесіне сәйкес, көктемгі каникул 21 наурыздан 31 наурызға (қоса алғанда) созылып, жалпы саны 11 күнді құрайды.

Төртінші оқу тоқсаны 1 сәуір – дүйсенбі күні басталады. Төртінші тоқсан 8 оқу аптасын құрайды. 

Еске салайық, 2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 23 наурыз сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 25 наурызға ауыстырылды.

Сәйкесінше, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады.
Биыл оқу жылының соңғы күні – 25 мамыр. Мектеп оқушылар 26 мамырдан бастап үш айға созылатын жазғы каникулға шығады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу