Оқушылардың көктемгі каникулы 9 күнге созылады

820

16 наурызда Оқу-ағарту министрлігі 9 күнге созылатын көктемгі демалыс күндерін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Оқушылардың көктемгі каникулы 9 күнге созылады Фото: gov.kz

"Оқушылардың көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурыз аралығында, яғни 9 күн демалады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.

Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы:

  • 1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:
  • 1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қараша аралығы);
  • 2 тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін);
  • 3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 9 күн (18-нен 26 наурыз аралығы);
  • 4 тоқсан - 10 оқу аптасы;
  • Сонымен қатар 1-сыныпта қосымша демалыс – 7 күн (6-12 ақпан аралығы).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу