Оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына тыйым салынбақ

366

Бұл норма Мәжіліс қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасында көзделген.

Оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына тыйым салынбақ Фото: inbusiness.kz

Құжатты депутат Асхат Аймағамбетов таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Депутаттың сөзінше, заң жобасында балабақшаға баланы кезекке қоюды, одан орын беруді және білім беру қызметкерлерін жұмысқа алуды тек бірыңғай ақпараттық бағдарлама шеңберінде ұйымдастыру бойынша норма енгізілді. 

Сонымен қатар құжатта оқушылардың бағасы мен үй тапсырмалары түралы ақпаратты ата-аналарға тегін беру туралы нақты міндеттер белгіленіп отыр. 

"Ұстаздармен болған кездеулерде түскен тағы бір мәселе оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануы және оны тыю бойынша заңнамада нақты шектеулердің болмауы. Осыған орай сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы арнайы норма да жобаға енгізілді. Заң жобасын қабылдау білім беру саласындағы және жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу