Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар жаңа форматқа өтті

353

Олимпиаданың республикалық кезеңіне барлығы 1668 оқушы қатысады.  

Оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар жаңа форматқа өтті Фото: gov.kz

Елімізде жыл сайын 17 наурызда өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиада биыл алғаш рет бірден 7 өңірде өтеді. Бұл санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің барлық нормаларын күшейтуге мүмкіндік береді.

Жаратылыстану-математикалық бағыт:

  • 17-21 наурыз - Астана қ. физика, математика;
  • 24-28 наурыз - Алматы қ. информатика, география;
  • 27-31 наурыз - Павлодар қ. химия, биология.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

  • 1-5 сәуір - Қостанай қ. орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
  • 7-11 сәуір - Атырау қ. қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
  • 14-18 сәуір - Өскемен қ. Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері;
  • 20-24 сәуір - Петропавл қ. ағылшын, неміс және француз тілдері.

Жаратылыстану-математикалық - 946 және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 772 оқушы бақ сынайды.

Айта кетейік, қатысушылар арасында 87 олимпиадалық резерв мүшесі және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу