Оқушыларға арналған жолда жүру жеңілдігі сақталады

991

Қоғамдық кеңес азаматтардың бірқатар санатын әлеуметтік қорғауға қатысты бастамаларды қолдады.

Оқушыларға арналған жолда жүру жеңілдігі сақталады

Астана әкімдігінде қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық кеңес азаматтардың бірқатар санатын әлеуметтік қорғауға қатысты бастамаларды қолдады.

Қалалық білім беру басшысының міндетін атқарушы Дулат Жекебаев көлік карталарын толықтыру арқылы ай сайын балалардың жолда жүру билеттерін сатып алу есебінен, 15 жасқа дейінгі оқушыларға қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру құқығын беру ережелері туралы әкімдіктің қаулысына енгізілген өзгерістерді бекітуді сұрады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі Ауғанстаннан КСРО әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету болды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов 15 ақпанға қарай 30 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетуді ұсынды. Осылайша, жыл сайын интернационалист-жауынгерлер алатын әлеуметтік көмекті ескере отырып, жалпы сома шамамен 50 мың теңгені құрайды.

Қоғамдық кеңес мүшелері отырыста айтылған қаулылардың жобаларын бірауыздан қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу