Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін "Профнавигация" жобасы іске қосылады

1612

Бұл туралы Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін "Профнавигация" жобасы іске қосылады

Ол алдымен еліміздегі университтерде 600 мыңға жуық студент, колледждерде 475 мыңнан аса студент білім алып жатқанын, олар үшін жұмыс табу мәселесі өзекті болып отырғанын жеткізді.

Осыған байланысты Шахмардан Байманов "Профнавигация" жобасы іске қосылатынын жеткізді. Оған 11-сынып оқушылары қатыса алады.

"Жоба сұранысқа ие мамандық дағдыларын дамытуды көздейді. Мысалы, 11-сынып оқушылары үшін мамандықты таңдау, ол бойынша жұмысқа орналасу маңызды болып саналады. Жоба аясында жоғары сынып оқушылары үшін мамандықты таңдау бойынша бейнероликтер түсіріледі, әрі білікті психологтардың көмегімен психологиялық тест тапсырады", деді комитет төрағасы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Жоба аясында оқушылар білікті мамандармен және және шетелдегі университтерде білім алған үздік түлектермен кездесетін болады.

Сондай-ақ "Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы" жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек 11-сынып оқушыларына кеңес берді.

"Қазіргі таңда еңбек нарығы тез өзгеріп жатыр. Қазақстанға цифрландыру, роботтандыру, автоматтандыру, технология толқындары жетті… Бүгінде оқушылар биыл немесе келесі жылы сұранысқа ие болатын мамандықты таңдамауы керек. Олар кемінде 4-5 жылда еңбек нарығына сұранысқа ие болатын мамандықтарды таңдауы керек", деп түйіндеді сөзін жетекші.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу