Оқушыларға жеке қауіпсіздік сабақтары оқытылуда

161

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан жаңа оқу жылының жаңалықтарына тоқталды.  

Оқушыларға жеке қауіпсіздік сабақтары оқытылуда Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Мәселен, 1 қыркүйектен бастап еліміздің балабақшаларында, мектептері мен колледждерінде 130 сабақтан тұратын жеке қауіпсіздік негіздері оқытыла бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінде балалар 10 аптаға жоспарланған барлық тақырыптарды, соның ішінде жеке қауіпсіздік негіздерін, қоғамдық орындарда, көшеде, үйде және интернетте қауіпсіздік ережелерін толық меңгерді. Оқу жылының соңына дейін олар цифрлық технологияларды, онлайн-тәуекелдерді қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ сыни талдау жасау дағдыларын дамытуға баса назар аудара отырып, зерделенген материалды қайталап бекітетін болады.

"Бұл сабақтар балаларға өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беріп, практикалық дағдыларды үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар балалардың әлеуметтік жауапкершілігі мен өзіне деген сенімділігін дамытуға көмектеседі. Біз әр баланың жасын және даму деңгейін ескере отырып, ол үшін сенімді қолдаушы орта қалыптастыруға тырысамыз", – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Айта кетейік, сабақтар апта сайын сынып сағаты аясында ұзақтығы 10 минуттан жылына үш рет қайталанып өткізіледі. Сабақтарда материалды барлық жас топтарындағы балаларға қолжетімді және қызықты ету үшін практикалық кеңестер, оқытудың интерактивті әдістері, бейнелер мен ойындар қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу