Оқушылары төбелесіп, пышақ жарақатын алған мектеп директорына қатысты тексеру басталды

4666

Өскемен қаласындағы орта мектептердің бірінде ерегесіп қалған екі оқушының бірі қалтасынан жиналмалы пышақ алып, қарсыласына сұғып жіберген. 

Оқушылары төбелесіп, пышақ жарақатын алған мектеп директорына қатысты тексеру басталды Фото: canva.com

Ол өзіне де абайсызда дене жарақатын келтірген еді.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі ауруханаға жатқызылған жасөспірімдердің жағдайы қалыпты екендігін мәлімдеген.

Өскемен қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта мектеп директорына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

"Аталған факті бойынша білім бөлімі қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Мектеп әкімшілігі тәртіптік жазаға тартылды. Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты бақылауда. Мектеп директорына қатысты қызметтік тексеру тағайындалған. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу