Оқушыны сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген: 13 күдікті анықталды

178

Қылмыстық іс бойынша 11 адам ұсталды, 2 адам үйқамақта отыр. 

Оқушыны сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген: 13 күдікті анықталды Фото: qasym.buketov.edu.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл оқиға бойынша 13 фигурант анықталды. Оның 11-і ұсталды. Қазіргі таңда бірқатар бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Одан басқасын айта алмаймын. Себебі қылмыстық іс аясында бұл тергеушінің құзыретіне жатады", - деді Игорь Лепеха.

Айтуынша, 13 фигуранттың ішінде оқушы қызды жыныстық құлдыққа мәжбүрлегендер мен ұйымдастырушылар да кіреді.

Лепеха 2 адам үйқамақта отырғанын, 11 ұсталғанын нақтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу