Оқушыны жерге итеріп құлатқан талғарлық мұғалім жазаланды

1330

Талғардағы 81 оқушы білім алатын жеке меншік мектеп мұғалімі оқушыны итеріп, жерге құлатқан.

Оқушыны жерге итеріп құлатқан талғарлық мұғалім жазаланды Фото: видеодан скрин

Оқу-ағарту министрлігі оқиға қазан айында болғанын нақтылады. Бүгінде сабақ үстінде педагогикалық этикаға жатпайтын дөрекі мінез көрсеткен мұғалім жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Тengrinews.kz-тің жазуынша, мұғалім бастауыш сынып оқушысын тапсырманы дұрыс орындамағаны үшін ұрысып, тосыннан итеріп, еденге құлатқан. Ол мұнымен қоймай, "тұр, жатпа" деп дауыс көтеріп, бұйыра сөйлеген.

Видеоны ата-аналар жолдаған. Тексере келе Талғардағы жеке меншік мектептің арнайы лицензиясы да жоқ екені анықтылды.

Прокуратура мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға осы жылдың қазан айында болғанын мәлімдеді.

"Білім басқармасының мәліметінше, аталған оқиға осы жылдың қазан айында болған. Оқушының ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым жолдады. Өрескел қылық көрсеткен мұғалім қызметінен босатылды. Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу