Оқушыны зорлау оқиғасы: Геномдық ДНҚ сараптамасы бөгде биоматериалды анықтаған жоқ

348

Алматы полициясы халықаралық мектепте зорлануы мүмкін деген оқушыға қатысты сот сараптамасының қорытындысын шығарды.

Оқушыны зорлау оқиғасы: Геномдық ДНҚ сараптамасы бөгде биоматериалды анықтаған жоқ Фото: freepik.com

Құзырлы орган өкілдері Atameken business телеарнасы тілшілерінің сауалына берген жауабында тергеушілердің қылмыстық іс бойынша екі бірдей сараптама жүргізгенін мәлімдеді. Нәтижесінде ешқандай зорлық белгілері анықталмаған. 

Қаперде болса, бұл факті бойынша тергеу 7 жасар баланың анасы арызданған кезде басталған. Үйіне бүлінген киіммен келген ұлын көрген ол, "11-13 қыркүйек күндері балам мектеп қабырғасында қорлық көруі мүмкін" деген болжам жасаған еді. 

"Іс бойынша сот-комиссиялық сараптамасы тағайындалды. Оның қорытындысы баланың денесінде ішкі, сыртқы жарақаттардың жоқ екенін көрсетті. Дегенмен біз қосымша сараптама тағайындадық. Сондай-ақ бұған дейін ДНҚ геномдық сараптамасын да өткіздік. Ол кезде де тысқары биоматериал анықталған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу аясында қатысы бар болуы мүмкін делінген куәгерлерден жауап алынып жатыр. Толық қорытындысын тергеу аяқталған соң жариялаймыз", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Біздің редакция мән-жайды Алматы халықаралық мектебінің басшылығынан да анықтауға тырысты. Білім ошағындағылар, мұндай сұмдық жағдайдың болуы мүмкін еместігіне сенімді. Ғимараттың әр бұрышы бейнебақылау камераларымен қамтылғанын айтқан мектептегілер, видеодан баланың қайда болғанын анық көруге болады дейді. Бейнежазбаны полиция департаментіне толық тапсырған. Қорытындысы тергеу аяқталған соң шығатын көрінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу