Оқыс оқиғадан соң Астана станциясында бірінші жолда пойыз қозғалысы ашылды

1033

Оқыс оқиғадан соң Астана станциясында бірінші жолда пойыз қозғалысы ашылды

Астана теміржол вокзалында перрон бастырмасының құлаған тұсы қалпына келтірілді, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

"26 қаңтарда 2 сағат 10 минутта бірінші жолда жолаушылар пойызының қозғалысы ашылды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанынан құрылған арнайы комиссия перрон бастырмасының құлау себебін анықтау жөніндегі жұмысын жалғастырып жатыр", – делінген таратылған ақпаратта.

Компанияның айтуынша, Астана станциясының қалпына келтіру пойызы, белгі беру және байланыс, электрмен қамту кәсіпорындары бірлесе қимылдап, оқиға салдарын жедел қалпына келтірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу