"Ол Бишімбаевқа сеніп қалды": Байжановтың әйелі соттан балаларын әкесінен айырмауды сұрады

1470

Сотқа Бақытжан Байжановтың әйелі Айнұр Күлдеева да келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Ол Бишімбаевқа сеніп қалды": Байжановтың әйелі соттан балаларын әкесінен айырмауды сұрады Фото: Жоғарғы сот

"Салтанаттың ата-анасына, бауырларына қайғыра көңіл айтамын. Мен әйел баласына қол көтеруге түбегейлі қарсымын. Ал адам өлтіру деген өте қорқынышты көрініс. Бақытжанмен 2016 жылдан бері заңды некедемін. 2 ұлымыз, жеті айлық қызымыз бар. Екі күн бұрын балам "әкем қайда" деп сұрады. Мен оған не дерімді білмедім. Ұлым әкесінің қайда екенін, не істеп жүргенін білмейді. Бақытжан екеуміз үйленгеннен бері бір-бірімізге қатты дауыс көтерген емеспіз. Бақытжан өте тәрбиелі, қамқор, жұмысына адал, жақындарына көмек қолын созып жүреді", деді ол.

Айнұр Күлдеева күйеуінің Бишімбаевтың сөзіне сеніп қалғанын алға тартты.

"Ол сол күні Салтанаттың қандай қиын жағдайда екенін түсінбей қалды. Ағасының сөзіне сеніп, ұйықтап жатыр деп жүре берген. Бишімбаев оның ағасы әрі бастығы. Сондықтан жұмысшы ретінде бастығына еш сұрақ қоймай, тапсырмасын орындаған. Бақытжанның аңқаулығынан, ағасына деген құрметінен, Салтанаттың жалаңаш түріне мән беріп қарамауынан жазықты болып отыр. Оны жазықсыз жазаламасаңыздар екен", дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу