"Ол бәрін қорқақтықпен жасады": Бишімбаев сотында жәбірленушінің адвокаты Байжановтың сөзін жоққа шығарды

264

Адвокат Дамир Ишмаметов сотталушы Бақытжан Байжановтың сөздеріне қарсылық білдірді.  

"Ол бәрін қорқақтықпен жасады": Бишімбаев сотында жәбірленушінің адвокаты Байжановтың сөзін жоққа шығарды Фото: jogargy_sot

Азаматтық некедегі әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында жарыссөзден кейін бір-біріне қарсылық білдіру кезеңі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов жарыссөзде “қылмысты жасырып жатқанымды түсінбедім” деп ақталдыі. Оның айтуынша, қылмысты жасыру ниеті болса, біреуге тапсырма бермей-ақ, өзі камера жазбаларын өшірер еді.

Бұл сөзге жәбірленуші тараптың адвокаты Дамир Ишмаметов қарсылық білдірді. Адвокаттың сөзінше, ол осы арқылы сытылып кеткісі келген.

“Керісінше, Байжанов бәрін қорқақтықпен істеді. Ол осы жағдайдан таза боп шығу үшін ғана қол астындағыларға тапсырма берді. Бишімбаевтың сөзін де қорқақ болғандықтан орындады”, – деді адвокат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу