Ол бұрынғы министр, өз ісіне екі есе жауапты болуы керек - прокурор Бишімбаев туралы

235

 Бұл туралы прокурор жарыссөз барысында айтты. 

Ол бұрынғы министр, өз ісіне екі есе жауапты болуы керек - прокурор Бишімбаев туралы Фото: Jogargy_sot

Бишімбаев ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот жарыссөзінде айыптаушы тарап сөз алып, Айжан Аймағанова оқиғаға қатысты деректерді айтып жатыр. 

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы министр, еліміздің бет-бейнесі, өз ісіне екі есе жауапты болуы керек екенін айтты.

"Бишімбаев – жоғары білімді, шетелде білім алған, ауқатты отбасында дүниеге келген, бұрынғы Экономика министрі. Еліміздің бет-бейнесі. Ол кемсітушілікке лайық емес, сонымен қатар ол өз әрекеті үшін екі есе жауапты болуы керек", - деді прокурор.

Айта кетейік, сот жарыссөзі аяқталғаннан кейін сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу