Ол қызды қорқытып ұстап тұрды – министр Ахметжанов банктегі оқиға жайлы

1721

Кепілге алынған банк қызметкерлері босатылғаннан кейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол қызды қорқытып ұстап тұрды – министр Ахметжанов банктегі оқиға жайлы Фото: Бейнежазбадан

"Мен онымен (кепілге алған ер адам – автор түсіндірмесі) сөйлестім. Ол менің жеке басыма қатысты деректерді тексерді. Ол қызды қорқытып ұстап тұрды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Мен қайталап айтамын, зардап шеккендер жоқ. Кепілге алынған адамдар тексерілді, өйткені біз көзден жас ағызатын газ қолдандық. Сондықтан, медициналық тексеру жүруі тиіс. Ешкім жараланған жоқ. Өйткені, біз шабуылдаушы арнайы құралдарды қолдандық", - деп мәлім етті министр Марат Ахметжанов журналистер сауалына орай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу