"Ол - лайық": Мөлдір Әуелбекова 7 жасар ұлына 60 миллиондық сый жасады

2073

Әнші қуанышты жаңалығымен instagram-парақшасында бөлісті.

"Ол - лайық": Мөлдір Әуелбекова 7 жасар ұлына 60 миллиондық сый жасады Фото: Instagram/@moldir.auyelbekova/

Танымал қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне пәтер сыйлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Міне, 60 миллионға сыйлық. Менің ұлым қалаған пәтер. Бұл менің тағы бір жетістігім. Тіпті қуаныштан көз жасым да төгілді", - деп жазды ол.

Мөлдір Әуелбекваның бұл жазбасына желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдаса, бірі "кішкентай балаға мұның не қажеті бар", деді.

"Егер мүмкіндік болса бұл дұрыс шешім – қажеттінің бәрін алдын ала қамтамасыз ету керек, "Құттықтаймыз, үлкен сыйлық", "Жаңа үйде бақыт ," "Айфоннан және т.б. қарағанда ең жақсы сыйлық. Ең керегі - үй", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, әнші қолдау көрсеткен ата-анасы мен балаларына алғыс айтып, әрбір қазақстандыққа осындай бақыт тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу