"Ол сені өлтіреді": Айтбек Амангелді қарындасы Салтанат Нүкеновамен алмасқан хаттарын оқып берді

394

Ол Қуандық Бишімбаевпен пәтерде төбелесіп қалғаннан кейін не жайлы сөйлескенін айтты. 

"Ол сені өлтіреді": Айтбек Амангелді қарындасы Салтанат Нүкеновамен алмасқан хаттарын оқып берді Фото: видео скриншот

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасымен WhatsApp-пен сөйлескен әңгімелерінің бірін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сен ең алдымен өзіңді ойлашы. Жауап берші, сен бақыттысың ба? Мен жаққа келіп, менің үйімде тұрсаң болады. Бізге сенің аман болғаның керек", - деген Айтбек Амангелді қарындасына. 

"Иә, мен оны жақсы көремін" - деп жауап берген Салтанат. 

"Ол сені өлтіріп тастауы мүмкін" - дейді Айтбек. 

"Мен онсыз өмір сүре алмаймын" - деген Салтанат. 

"Психологпен сөйлесші. Өзіңнің жеке психологыңмен сөйлес. Суреттерді көрсет" - дейді Айтбек. 

"Егер ажырасып кетсем өмір сүре алмаймын" - деген Салтанат. 

"Олар (психологтар) саған бұл махаббат емес екенін, бұл психикалық ауытқу екенін түсіндіреді" - дейді Айтбек. 

"Сен ештеңе білмейсің. Әуел бастан мен өзім кінәлімін. Біздің оқиғамызды білмейсің ғой" - деген Салтанат.  

"Сен оны қаншалық жақсы көрсең де мен оны өлтіремін. Саған ондай қарым-қаынас жасауына жол бермеймін" - деген Айтбек. 

"Ол менің күйеуім ғой" - деген Салтанат. 

"Сонда да бұл дұрыс емес. Ол сенің тек жігітің. Сендер үйленбегенсіңдер" - дейді Айтбек. 

Айта кетейік, Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев тек некелерін қидырған. Заңды некеге тұрмаған. 

Еске сала кетейік, Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот процесі өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу