Асхат Аймағамбетов түнгі клубқа барғаны үшін жұмыстан шығарылған мұғалімдерге араша түсті

7412

Олардың да жеке өмірі мен құқықтары бар, деді депутат.  

Асхат Аймағамбетов түнгі клубқа барғаны үшін жұмыстан шығарылған мұғалімдерге араша түсті Фото: sputnik.kz

Бұрынғы білім министрі, қазір Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвестит шоуына барып жұмыстан кеткен қызылордалық мұғалімдерді жақтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде мекемедегі мұғалімдермен түсірілген видео пайда болып, ата-аналар мен әріптестердің наразылығын тудырған болатын.

Аймағамбетов мұғалімдердің өз құқығы бар қарапайым азаматтар екенін, сондықтан алдымен жағдайды түсінген жөн екенін еске салды. 

"Мұғалімдер де баршамыз сияқты азамат. Олардың құқықтарын ешкім шектеуге болмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды анық ажыратуымыз керек екенін білесіздер. Әрине, жоғары талаптар өздігінен туындайды. Бірақ олардың құқығын түсінуіміз керек. Ал бұл жерде істі нақты түсініп, олардың бұл істе қандай кінәсі бар екенін білу керек", - деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияның трансвеститтер клубында демалған қызылордалық мұғалімдер жұмыстан шығарылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу