"Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды"

893

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды қолдан келер көмектері болса аянбауға шақырды.

"Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды"

Бүгін Коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы індеттің салдарынан жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылған еліміздің барша тұрғындарына көңіл айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ол COVID-19 еліміздің жүздеген азаматының өмірін қиғанын жария етті.

"Осы күндері менің әріптестерім – дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды, мәңгілікке көз жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады", – деді Алексей Цой.

Ол бұл індетті тоқтату үшін оған себепкер болып отырған пандемиямен күресте серпінді және тиімді шаралар қажет екенін атап өтті.

"Осы қауіп-қатерді тоқтату үшін мен және менің әріптестеріміз жұмысты тәулік бойы жалғасатырудамыз", – деп мәлімдеді министр.

Ол сондай-ақ қазақстандықтарды қолдан келер көмектері болса осы індетпен күресуге белсенді ат салысуға шақырды және еріктілер мен белсенді азаматтардың рөлі маңызды екенін атап өтті.

"Біз біргеміз, біз панедмияны жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып, жеңе алатынымызға сенімдімін", – деді елімізідің бас дәрігері.

Ведомство басшысы үкімет медициналық ұйымдарға және дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылданып жатқанын, науқастарды жатқызатын қосымша орындар ашылып, шетелдік сарапшылармен бірлесіп коронавирусты емдеу әдістері жан-жақты зерделенуде екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу