Оле Хансен: мұнай бағасы 55 доллардан асып кетуі ықтимал

1045

Оле Хансен: мұнай бағасы 55 доллардан асып кетуі ықтимал

Saxo Bank шикізаттық тауар стратегиясы бөлімінің басшысы Оле Хансен мұнай бағасының 2017 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы мен үшінші тоқсанның болжамын жариялады, деп хабарлайды naryk.kz.  

Жылдың 4-6 айларында мұнай трейдерлері үшін ауыр кезең болды. ОПЕК елдері мен өзге де экспорттаушы елдер өндірісте белгіленген шектеуден аспағанымен, бұл бағаға айтарлықтай әсер етпеді. Керісінше, баға арзандап кетті.

Осы уақытта технологиядағы бірқатар жаңалықтар мен Нигерия және Ливиядағы жағдайлардың ретке келе бастауы жаһандық мұнай өндірісі көлемін арттырып жіберді.

Нәтижесінде, маусым айында мұнай бағасы 50 доллардан төмен түсіп, жыл басынан бері тұрақты өсіп келе жатқан бағаны төмен тартты.

Тараптар мұнай өндірісі көлемін азайту туралы келісімде көрсетілген шектеуден аспағанымен, оның бағаға әсері байқалмады.

Ал үшінші тоқсанда жаздың ыстық кезеңі мен ішкі сұраныстың артуына байланысты баға әрқилы құбылуы мүмкін.

АҚШ-та мұнай өндірісі бірінші тоқсанмен салыстырғанда екінші тоқсанда 50 пайызға дейін азайып кетті. Бұдан байқайтынымыз — АҚШ энергетиктері әлі де болса бағаның қандай кезеңінде болмасын өндірісті арттыра беруге қауқарлы емес.

АҚШ-тағы бұл өзгеріс ОПЕК елдері үшін үлкен мүмкіндік. Егер осы беттен қайтпайтын болса, мұнай бағасы 55 доллардан асып кетуі ықтимал.

Дегенмен, сарапшылар биылғы орташа бағаны 58 доллардан 53 долларға төмендетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу