Қазақстандық Олег Почивалов атқарушы комитет құрамына енді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бас Ассамблеяның отырысы 3 қараша күні Катар астанасы Дохада өтетін лицензиялық Азия чемпионаты қарсаңында ұйымдастырылған болатын. Дауыс беру нәтижесі бойынша, Конфедерация Атқарушы комитетінің мүшелері сайланды. Олардың қатарында Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы Олег Почивалов та бар.
Айта кетелік, лицензиялық Азия чемпионатына Қазақтсан сапынан 41 спортшы қатысады. Турнир 11 қарашаға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу