Өлейін деп жатқан жоқпын: Лукашенко денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

424

Александр Лукашенко аденовирус жұқтырды.

Өлейін деп жатқан жоқпын: Лукашенко денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады Фото: DW

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесте өзінің денсаулығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Пул Первого" Telegram-арнасына сілтеме жасай отырып.

"Мені өлейін деп жатыр дегендерге айтарым, әзірге о дүниеге кететін ойым жоқ. Уайымдамаңдар. Мұның барлығы мессенджерлер мен Telegram-арналардағы құр қауесет. Менде, атауы қалай еді…аденовирус па қалай еді? Иә, аденовирус. Алайда менің дер кезде емделуге уақытым болмады: біресе Мәскеуге баруға, біресе сенбілікке қатысу керек болды. Сондықтан қазір өлетін ойым жоқ", – деді Лукашенко.

Беларусь көшбасшысы мұндай инфекциялық ауру үш күнде емделетінін түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу