Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікке ілікті

116

Ол – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары. 

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікке ілікті Фото: Informburo.kz

Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 4 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1) және 2) тармақтары бойынша (азаптау) Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбай отыр.

Бұған дейін Талғат Татубаевтың ұсталуынан кейін, Кексельдің де үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпараттар тараған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол БТА банкінің бұрынғы қызметкерлерін азаптау ісіне қатысы бар деп күдікке ілінген. Кексель рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданды деген айып тағылған бұрынғы шенеуніктер ісінде фигурант ретінде аталып отыр.

Олеся Кексель 2018 жылы Бас прокуратура жанындағы арнайы прокурорлар қызметін басқарды. Ол сол кезеңде Талғат Татубаев пен Қайрат Қожамжаровтың командасында жұмыс істеп, Серік Ахметов пен Қуандық Бишімбаев сияқты бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерге қатысты атышулы істерді бақылаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу