Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды

900

Оған себеп талай жоғары лауазымды тұлғаларды тергеген экс-арнайы прокурор ісінде қылмыс құрамының жоқтығы.

Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды Фото: tengrinews.kz

"Арыз екі ай бұрын түскен. Сенбі күні қылмыс құрамының жоқтығына байланысты іс тоқтатылғанын хабарладық",– деді сенат депутаты Қайрат Қожамжаров. 

Сонымен қатар сенат депутаты бұл мәліметті жеке Олеся Кексельдің өзінен білгенін айтты. 

"2017 жылғы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес прокуратураға қылмыстық із кесу қызметі міндеттелген. Яғни бұл орган тек қадағалаушы емес, қылмыстық істерді де тергей алады. Бұл өзге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне немесе қоғам назарына іліккен шулы қылмыстық істерге қатысты болуы мүмкін. Сондықтан оны мен жұмысқа шақырғанмын. Оған келіскені үшін ризашылығымды білдіремін. Өзі жұмыс істеген аз уақыттың ішінде ол бірнеше ауқымды істі тергеді",– деді Қайрат Қожамжаров. 

Бұл ретте сенат депутаты "жұмыс барысында Олеся Кексельдің қызметіне қатысты шағымдар түспеді ме?" деген сауалға жауап берді. 

"Жоқ. ҚПК-да барлығы анық жазылған. Егер тергеу амалдарын қарастырсақ, адамнан бір күннің ішінде 8 сағатан артық жауап алынбайды. Оның ішінде екі сағаттық үзіліс бар. Тергеудің бірінші бөлімі 4 сағатқа жалғасса, 2 сағат үзіліс болады. Кейін тағы 4 сағат жауап алынады. Яғни мен оның нақты ҚПК талаптарына сай жұмыс істегеніне сенімдімін",– деді сенат депутаты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу