29 маусым күні Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогі додасы басталды. Қазақстан командасының үздігі Ольга Рыпакова Олимпиада ойындарына қажетті нормативті орындады деп жазады Olympic.kz.
Жарыста Рыпакова 14.37 метрге секіріп, турнир жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш Токио ойындарының нормативін орындауға жеткілікті.
Екінші орынға 13.79 көрсеткішімен Мария Овчинникова, үшінші орынға 12.92 нәтижесімен Лаура Ахметова орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу