Ольга Рыпакова Азиада ойындарында тек бір бағдарлама бойынша сынға түседі

747

Қазіргі таңда танымал спортшы Малайзия астанасында соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. 

Ольга Рыпакова Азиада ойындарында тек бір бағдарлама бойынша сынға түседі

Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова 2018 жылы Азия ойындарында тек қана бір бағдарлама бойынша – үш қарғып секіруден сынға түседі деп жазады Olympic.kz. 

Қазіргі таңда танымал спортшы Малайзия астанасында соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Рыпакова бастаған жеңіл атлеттер Джакартаға Куала-Лумпурден ұшып кетеді. 

"Бүгінде Малайзия астанасы Куала-Лумпурдегі соңғы жиынымыз өтуде. Барлығы жоғары деңгейде. Қателеспесем, 22 тамыз күні ұшамыз. Мен тек қана үш қарғып секіруден бақ сынаймын. Алда мені көптеген жарыстар күтіп тұр. Әлем кубогі бар. Сондықтан, бір жарыс бағдарламасы бойынша медальға үміткер болған дұрыс. Оның үстіне, Азия ойындарында алдын-ала секірулер болады. Ең бастысы – дайындық өте жақсы өтуде", - дейді Рыпакова. 

Еске сала кетейік, Ольга Рыпакова 2006 жылдан бергі соңғы үш Азия ойындарында чемпиона атанған болатын. Сондай-ақ, оның еншісінде күміс және қола медаль да бар.

2018 жылғы Азия ойындарындағы жеңіл атлеттер жарысы 25 тамызда басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу