Ольга Рыпакова "Гауһар лигасының" финалына қатысудан бас тартты

883

Спортшы әлем чемпионатына дайындық кезеңіне мейілінше көп уақыт бөлу үшін осындай қадамға барған. 

Ольга Рыпакова "Гауһар лигасының" финалына қатысудан бас тартты

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының үздігі, үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова "Гауһар лигасына" қатысудан бас тартты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген, деп жазады olympic.kz. 

Спортшы әлем чемпионатына дайындық кезеңіне мейілінше көп уақыт бөлу үшін осындай қадамға барған.

"Парижде сәтсіз өнер көрсеттім. 14,16 метр. "Гауһар лигасының" финалдық кезеңіне жолдама алсам да, ақтық сынға қатысудан бас тарттым. Әлем чемпионатына дайындық кезеңіне көбірек көңіл бөлгім келді. Париждегі көрсеткішке келер болсам... Спортшылар үнемі жаңа биікті бағындырғысы келеді. Тіпті, бұл өз денсаулығыңы зиян болса да... Белокурихада ем алған соң, дереу Париждегі жарысқа кеттім. Әлі толық емделіп үлгермегенім секіру барысында байқалды. Десе де, мұның үлкен тәжірибе болғанын мойындаймын. Барлықтарыңызға жылы сөздеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Алда әлем чемпионаты мен Токиодағы Олимпиада ойындары келе жатыр. Сол сындарда біз міндетті түрде жақсы нәтиже көрсетеміз. Бастысы – еңсені биік ұстап, дайындықты жалғастыру", - деп жазды Рыпакова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу