Ольга Рыпакова кениялық жеңіл атлеттердің ұлттық құрамаға қабылдануы туралы ойымен бөлісті

964

Спортшы Қазақстан туының астында өнер көрсететін Кения спортшыларының еліміздің әлемдік жеңіл атлетикадағы имиджін қалыптастыруға атсалысатынын айтады. 

Ольга Рыпакова кениялық жеңіл атлеттердің ұлттық құрамаға қабылдануы туралы ойымен бөлісті

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кениялық жеңіл атлеттердің ұлттық құрамаға қабылдануы туралы ойымен бөлісті. Танымал спортшы өз пікірін әлемеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды olympic.kz. 

Рыпакова шетелдік спортшылардың отандық жеңіл атлетиканы дамытуына үлес қосатынын атап өткен. 

Айта кетелік, Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джэпкимэй, Шэдрака Коэча сынды спортшылар бапкері әрі менеджері Кеннет Ротичпен бірге 2018 жылы Қазақстан төлқұжатын алған еді. Қазіргі таңда азаматтықты рәсімдеу кезеңі басталды. 

"2018 жылдың желтоқсанынанда кениялық төрт спортшы мен олардың бапкері Қазақстан азаматтығын қабылдады. 2019 жылдың қаңтарынан бастап аталған спортшылар Шығыс Қазақстан облысының құрамасы мен "Алтай Атлетикс" клубының намысын қорғайды. Еліміздегі жеңіл атлетиканың дамуына бей-жай қарамайтындықтан, кениялық спортшылардың келуі оң әсер беретінін айтқым келеді. Бұл әлемде бар тәжірибе. Қазақстан үшін де таңсық емес. Елімізге 2005 жылдан бері шетелдік спортшылар шақырылуда", – дейді Рыпакова. 

Ольга Рыпакова Қазақстан туының астында өнер көрсететін Кения спортшыларының еліміздің әлемдік жеңіл атлетикадағы имиджін қалыптастыруға атсалысатынын айтады.

"Кениялық желаяқтар өз тәжірибелері мен техникасын біздің спортшыларға үйретіп, жастарға жол көрсетініне, шеберлік сабақтарын өткізеріне сенімім мол. Одан бөлек, спортшылар ішкі біріншіліктегі бәсекелестікті арттыра түседі. Спортшылар өз еріктерімен ҚР азаматтығын қабылдады. Жақсы нәтиже көрсетуге талпынған адам ретінде мұндай әріптестерім барына қуанамын",– деп жазды спортшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу