Ольга Рыпакова Париждегі "Гауһар лигасында" сынға түседі

1049

24 тамыз күні Парижде жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасының" кезекті айналымы өтеді. 

Ольга Рыпакова Париждегі "Гауһар лигасында" сынға түседі

Аталған сынға Қазақстан командасының үздігі Ольга Рыпакова да қатысады, деп жазады Olympic.kz.

Үш қарғып секірушілер додасына тоғыз атлет қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы, колумбиялық Катрин Ибаргуэн жоқ. 

Әзірге үш қарғып секіруден "Гауһар лигасының" рекорды Венесуэла өкілі Юлимар Рохастың еншісінде. Оның көрсеткіші – 15.11. 

Рыпаковның биылғы маусымдағы ең үздік нәтижесі – 14.37 метр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу