Өлген төрт жылқының иесіне айыппұл салынады

4185

Жылқыларды көлік қағып кеткен.  

Өлген төрт жылқының иесіне айыппұл салынады

Батыс Қазақстан облысында көлік жүргізушісі төрт бас жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 1 қарашада сағат 21:30-да Орал-Атырау тас жолының 290-шақырымында болған. 

"30 жастағы Ford Transit көлігінің жүргізушісі жолда жайылып жүрген төрт жылқыны қаққан. Салдарынан барлық мал өлген. Жүргізуші аман қалған. Жылқылардың иесі анықталған жоқ", – деп жазылған БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшылары өлкен жылқылардың иесі анықталса, оған малды дұрыс жаймағаны үшін айыппұл салынатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу