Олигарх Балушкин мен "Азия Автоның" активтері аукционға шығарылды

863

Олигарх Анатолий Балушкиннің катерлері, жер учаскелері және алғашқы Қазақстандық автоқұрастыру зауыты аукционға шығарылды. Жеке сот орындаушысы мүліктерді 4 мамырда сатуға тырысады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Олигарх Балушкин мен "Азия Автоның" активтері аукционға шығарылды

Лоттың бастапқы бағасы 5 миллиард 331 миллион 490 мың 297 теңге. Аукцион адымы үш пайыз, ал кепілдік жарна мөлшері бес пайыз, яғни 266 миллион 574 мың теңге.

Ұсынылған сипаттама мен құжаттарға сүйенсек, көптеген жыл бойы Lada, Skoda, Chevrolet, KIA маркалы машиналарын құрастыру зауытының өндірістік кешені сатылады. Оған кірме темір жол қоса беріледі.

Сондай-ақ электрондық аукционға Шығыс Қазақстанның облыс орталығындағы бірнеше жер учаскесі мен "Bigfan" екі катері қойылды. Бірақ олар бөлек сатылады.

"Азия Авто" және Балушкиннің активтері "First Heartland Jýsan Bank" акционерлік қоғамының пайдасына берешекті өндіріп алу үшін атқарушылық іс жүргізу негізінде сатылады. Құжаттарда көрсетілген жалпы сома – 36 миллиард 833 миллион 156 мың 922 теңге. Сатуға арналған мүліктің тізімінде, жоғарыда айтылғандардан басқа, әртүрлі дүкендер, Үй-жайлар, гараждар және т.б. көрсетілген.

Айта кету керек, былтыр Нұр-Сұлтан соты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің компаниядан республикалық бюджет кірісіне 173 979 726 000 (бір жүз жетпіс үш миллиард тоғыз жүз жетпіс тоғыз миллион жеті жүз жиырма алты мың) теңге мөлшеріндегі залалды өндіріп алуды талап еткен талабын қолдаған. 1 маусымда ШҚО аумағындағы "Азия авто" компаниясының курорттары, санаторийлері мен демалыс базалары сот процесіне байланысты жабылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу