Олигарх Клебанов Екібастұз ЖЭО-сының иесі болып қала ма?

367

Бүгінде Екібастұз жылу электр орталығын мемлекетке қайтару мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. 

Олигарх Клебанов Екібастұз ЖЭО-сының иесі болып қала ма? Фото: КазТАГ

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі таңда біздің міндетіміз "Екібастұз жылу энергиясы" акционерлерінің Екібастұз ЖЭО-сын, сондай-ақ техникалық жабдықтау желілерінің жұмысқа қабілеттігін қалпына келтіруге 10 млрд теңгеге жуық қаржы салуы болып отыр. Оның акционерінің бірі Клебанов мырза екенін белгілі. Бүгінгі таңда акционерлер 4,5 млрд теңгеге жуық қаражат салды. Жылыту маусымы басталғанға дейін тағы 5,5 млрд теңге құюы тиіс. Екібастұз ЖЭО жөндеуден өткеннен кейін осы мәселені (ред. – Екібастұз ЖЭО-сын мемлекет меншігіне қайтару) Үкіметпен және мүдделі уәкілетті органдармен талқылайтын боламыз", - деді облыс әкімі тілшілердің сауалына берген жауабында.

Еске салайық, осыған дейін Екібастұздың алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу