2025 жылғы 23 сәуірде e-Qazyna электрондық платформасында бес зергерлік бұйым бойынша аукцион форматында сауда-саттық өтті. Бұл туралы қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
E-Qazyna электронды платформасында өткен сауда-саттық барысында бес эксклюзивті зергерлік бұйым сатылды, олардың қатарында "Сartier Love" білезігі мен сақинасы, изумруд сырғалары, аквамарин сақинасы, гауһар тасты алтын сақина және інжу-маржанды гауһар сырғалар болды. Барлық бұйымдардың жалпы құны 5 425 246 теңгені құрады.
Аукционға қатысушылар тек жоғары сапалы зергерлік бұйымдарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды қолдауға арналған қаражатты да жинады.