Үш айдан бері осы іспен шұғылданған министрлер, ақыры, бес жұмыс тобын құрды. Комиссияға жүктелген міндетке қарағанда, биліктің жұмсақтық танытқысы жоқ. Бай-манаптардың үстінен қылмыстық іс қозғап, тіпті, заңсыздыққа барған шетелдік инвесторлардың да сазайын тартқызуға дейін бар. Бірақ, "жаздым, жаңылдым" деп мойындап, ақшаны өз еркімен қайтаруға ниеттенгендерге жеңілдіктер көзделген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу