"Өлім мен салықтан ешкім қашып құтылмайды": Вице-министр қазақстандықтарға үндеу жасады

591

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов азаматтарды салық төлеуге шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Өлім мен салықтан ешкім қашып құтылмайды": Вице-министр қазақстандықтарға үндеу жасады Фото: ortcom.kz

Ол Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің Қазақстандағы қорғаныс саласына бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі туралы сынына қатысты пікір білдірді.

"Кез келген жағдайда бірінші кезектегі негізгі қажеттіліктер, оның ішінде қорғаныс қабілетіне деген қажеттілік те қамтамасыз етіледі. Әрбір уәкілетті органға, басқармаларға арналған параметрлер бар. Бұл сарбаздарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, қажеттілік нормаларына сәйкес қамтамасыз ету, әскери техникамен, шартты түрде, оқу-жаттығулар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Мұның барлығы бюджетке енгізілген, тиісті нормативтер бар", – деді Ержан Біржанов.

Вице-министр мемлекет орындауы тиіс барлық міндеттемелерді орындайтынын атап өтті.

"Біз салық кодексін қабылдап жатырмыз, оның аясында резерв қарастырылған. Сонымен қатар осы жылы біз заң қабылдадық, көлік бағасын белгілеу туралы заңды да жаңарттық, басқа да құралдар бар, валюталық бақылау, цифрландыру қарқынмен дамып келеді, бизнес өкілдерінің барлық кемшіліктері мен жеткіліксіз төлемдері көрініп тұрады. Қалай болғанда да, өлім мен салықтан ешкім қашып құтылмайды. Сондықтан салық төлеу қажеттігі туралы ақпаратты таратуларыңызды сұраймын", – деді Ержан Біржанов журналистерге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу