"Олимп" тағы 145 млрд теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

1404

Алматы прокуратурасы букмекерлік кеңсеге салықтық тексеріс жүргізді. 

"Олимп" тағы 145 млрд теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

"Олимп"  сауда белгісімен жұмыс істейтін "Олимп.kz" букмекерлік кеңсесі" ЖШС мен "Alpha-bet" ЖШС-ге Алматы прокуратурасы салықтық тексеріс жүргізді. Нәтижесінде аталған компания өсімпұл мен айыппұлды қосқанда 145 млрд теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлады Алматы қалалық прокуратурасы. 

"Тексерісті Алматы қаласы мемлекеттік кіріс департаменті бес ай бойы жүргізді. Кеңсенің соңғы бес жылдағы ойын бизнесі бойынша төлеген салықтары қамтылды. Салықтық тексеріс нәтижесінде өсімпұл мен айыппұлды қосқанда "Олимп.kz"  букмекерлік кеңсесі" ЖШС 62 млрд теңге, "Alpha-bet" ЖШС 83 млрд теңге төлеуге міндеттелді", – деп хабарлады прокуратура. 

Бұған дейін ҚР ҰҚК мен прокуратура органдары "Олимп" букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу