Шри-Ланка президенті Майтрипала Сирисена елдегі қарсылық пен наразылыққа қарамастан өлім жазасы қайта енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды islam.kz.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Еуропалық одақ Шри-Ланка билігінің бұл қадамын айыптып, сынға алуда.
Аталған елде ең ауыр жазаға мораторий жарияланғанына 40 жыл болған. Шри-Ланка билігі мұндай қатал шараға ел аумағындағы есірткі саудасының қарқын алып кетуіне байланысты барғалы отыр.
Шри-Ланка президенті министрлер кабинетіне тиісті тапсырмалар беріп, әділет министрлігіне қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        