Өлім жазасының жаңа түрі сынақтан өткізілмек

2065

Өлім жазасына кесілген қылмыскерді азотпен мәжбүрлеп тыныс алдырмақ.

 Өлім жазасының жаңа түрі сынақтан өткізілмек

Әлемдегі ең демократиялы ел саналатын АҚШ-тың үш бірдей штатында, атап айтқанда, Оклахома, Миссисипи және Алабамада көп ұзамай өлім жазасының жаңа түрі сынақтан өткізілмек, деп хабарлайды islam.kz.

Өлім жазасына кесілген қылмыскерді азотпен мәжбүрлеп тыныс алдырмақ.

Ең ауыр жаза түріне жататын өлім жазасының өзі "жетілдіріліп" келеді. Бұған ауыр қылмыстардың жиілеуі себеп болып отыр. Заңға бағындыру үшін аталмыш штаттардың билігі осындай қадамға баруға мәжбүр. Қылмыскерді ату жазасына кесу - көп жанын қинамай өлтіру болғандықтан қылмыскерлер айылын жимайды.

Швейцариялық Le Temps мерзімді басылымы жазғандай, азотпен мәжбүрлеп тыныс алдыру тәсілі малды соярда қолданылған екен. Сондай-ақ, аталған штаттардың билігі мұндай қатал тәсілге жазаны орындаудағы иньекцияның тапшылығынан барып отыр. Өйткені, өлім жазасына қарсы Еуропа елдері, соның ішінде еуропалық фармацевтикалық компаниялар АҚШ-қа байкот жариялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу