"Өлімнен басқа жол болмады": Түнгі клубқа барып, жұмыстан босап қалған мұғалім басынан өткенін айтты

34942

Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі №250 мектептің ағылшын пәнінің мұғалімдері әділдік іздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Өлімнен басқа жол болмады": Түнгі клубқа барып, жұмыстан босап қалған мұғалім басынан өткенін айтты Фото: Бейнежазбадан

Екі баланың анасы, 7 жылдық жұмыс өтілі бар Фатима Сқақова осы оқиғадан кейін ауыр күйзеліске ұшырағанын айтады.

"Дәл сол уақытта басқа жол көрмедім. Оның алдында екі күн психологқа бардым. Мендегі бар мақсат – психологқа барып, ішімдегіні айтып, менде қандай ой болғанын, таза екенімді, шын мәнінде осындай адам екенімді бір адамға болсын дәлелдегім келді. Содан кейін жәй ғана өліп кетуге деген ой болды", – дейді ол.

Абырой болғанда, мұғалім бұл әрекетке бармапты. Бірақ қоғамдық қысымнан әбден қиналған. 

Енді Фатима Сқақова түнгі клубқа әдейі бармағанын, атының ақталғанын қалайды. 

Еске сала кетейік, қызылордалық екі мұғалім Түркияға демалуға барып, түнгі клубқа кіргені үшін бастары дауға қалған болатын. Артынша, олардың жұмыстан босағаны белгілі болды.

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі, қазіргі депутат Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді жұмыстан тыс уақытта құқығын шектеуге болмайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу