Өлімнің өсу қарқыны төмендеді

688

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі эпидемиологиялық ахуал бойынша есеп берді.

Өлімнің өсу қарқыны төмендеді

292 250 науқастан COVID-19 дертінің оң нәтижесі 51 890 адамнан КВИ анықталған деп хабарлайды Inbusiness.kz министрдің сөзіне сүйеніп. 

Алексей Цойдың айтуынша, ел 22 күн бойы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "қызыл аймағында" болған.

"Қызыл аймақта" 8 өңір, Түркістан, Қостанай облыстары "жасыл аймақта", қалған өңірлер "сары аймақта" орналасты", – деді ол. 

Министрдің мәлімдеуінше, наурыз айының соңынан бастап елдегі эпидемиологиялық жағдайдың көрсеткіші жақсарған жоқ. Теріс нәтиже апта сайын өсті.

"Өткен аптада өлім-жітімнің өсуі алдыңғы аптаға қарағанда 22%-дан 8%-ға дейін төмендеді. Өңірлер күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық жағдайда жұмыс істеп жатыр", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу